2.09.2016, 16:05
Оқылды: 14

«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік!»

Kormee  Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жауқазын-2016» жобасы аясында Бөкей Орда ауданы «Мектептен тыс тәрбие орталығының» жас суретшілері мен қолөнер шеберлерінің «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік!» атты көрмесі ашылды. Бөкей Орда ауданының тыныс тіршілігінен сыр шертетін суреттер мен былғарыдан жасалған дүниелер көрменің сәнін кіргізіп, көз тартып тұр.


 - «Жауқазын-2016» жобасының кезегі біздің ауданға келіп жетті. Балалардың әртүрлі бағытта жасаған жұмыстарын әкеліп, жұртшылыққа ұсынып отырмыз. Көрмеміздің негізгі бағыты балаларымыздың қолымен жасалған дүниелерді кеңінен насихаттау. Балаларымыз сабақтан тыс уақытта қолөнер жұмыстарымен шұғылданады. Ұлттық нақыштағы қолөнер, оның ішінде киізден, ағаштан және тоқыма жұмыстарын дайындап әкеліп, халыққа ұсынып отырмыз. Соңғы кезде робототехника саласына қатты көңіл бөлініп отыр. Оған оқушылардыңда қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Өңірімізден облыс орталығына көшіп келіп, кезінде аудан экономикасының дамуына зор үлестерін қосқан, бүгінде зейнеткер аға-апаларымызды көрмемізге шақырып отырмыз, - дейді Бөкей Орда ауданы әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева.

   Аталмыш шара бөкейордалық жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Көрме ағымдағы айдың 15-не дейін жалғасатынын оқырмандарға құлақ қағыс етеміз.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале