2.12.2015, 17:59
Оқылды: 26

ЕЛІМІЗ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДА ЗОР ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІ

Kaztalov densaulik saktau  30 қараша күні Елбасының халыққа арнаған Жолдауын Қазталов аудандық орталық ауруханасы ұжым болып тыңдады. Жолдауда Елбасы соңғы он жылдың ішінде адамдардың денсаулығын сақтауда үлкен жұмыстар атқарылғанын атап көрсетіп, Қазақстанда адамның орта есеппен өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін өскенін айтып өтті. Бұл – адамдар денсаулығына деген қамқорлық болып табылмақ.


Сонымен қатар 2016 жылдан бастап дәрігерлердің де жалақысының өсетінін айтып кетті. Жолдаудан туындайтын міндеттер туралы осы жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев, - Жолдау адамдар денсаулығының сақшыларына бұрынғыдан да зор міндеттер жүктейтініне тоқталып, пікірлерін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале