27.11.2015, 21:00
Оқылды: 17

«Елі сенген тұлға»

Bokei ordasi eli sengen tylga   Бөкей ордасы колледжінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Нұр отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер-ұстаз С.Таңатов, аудандық «Нарын жастары» ЖҚБ жетекшісі Ж.Әшенов және аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкелері қатысымен «Елі сенген тұлға» атты шара өтті.


Шақырулы қонақтарымыз жастарға билік тізгінін қиын-қыстау кезеңде қолға ұстаған Президентіміздің Қазақстанды өркендету жолындағы еңбегін, көшбасшылық келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, көсемдік қасиеттерін нақты мысалдар енгізінде баяндап берді. Сонымен қатар Елбасының өмірбаянына слайд арқылы шолу жасалып, аудандық кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесі тамашаланды. Колледж студенттері Әсел Менеева «Астана», Бекежан Бекенов «Үшқоңыр», Дидар Сахратов «Туған жер» әндерін тамылжыта шырқап, Жансая Қарғойшина «Елбасы» өлеңін мәнерлеп оқыды.

www.zhaikpress.kz

Бөкей ордасы ауданы

Н.ОМАРОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале