11.05.2016, 13:00
Оқылды: 21

Ел жадынан өшпейтін ерлік

Shingirlau 9 mai    Жаралы жылдардың жаңғырығы еске түсіп, ерлік даңқтың мәңгілігі мінберлерден айтылатын 9 мамыр-Ұлы Жеңіс мерекесі Шыңғырлау ауданында Батырлар стелласындағы мерекелік митингпен басталды.


   Ұранды үндер, жігерлі жырлармен басталған мерекеде құқыққорғау органдары, аудандағы шекара қызметі, теміржол желілік шекара қызметі сарбаздары, мектеп оқушылары сап түзеп, ерлік даңқы мен бабалар жеңісіне құрмет көрсетті. Аудан әкімі Алдияр Халелов аудан тұрғындарын ұлы мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагерлері  Сүйеу Ығылманов, Андрей  Рудь қариялар бүгінгі тыныштықты қадірлеуге, Отанды сүйе білуге, оны кез-келген уақытта, кез-келген басқыншыдан қорғай білуге  үндеп, майдандас, қарулас достарын бір сәт үнсіздікпен еске алуға шақырды.  Митинг соңында  аудан мекемелері батырлар ескерткішіне гүлдестелер қойды.

    Бұдан соң аудандық орталық мәдени-демалыс саябағында мерекелік концерттік бағдарлама жүргізіліп, шара соңы бұқаралық көңілді мерекеге ұласты.  Тай шаптырым саябақ ішінде балалар ойын алаңдары, тұрғындарға демалыс орындары лық толып, сауда нүктелері, балаларға арналған үрмелі ойын алаңдары өз қызметтерін ұсынып, көшпелі солдат асханасы көпшілікке солдат ботқасын таратты.

     Жетпіс бір жыл өтсе де ел жадынан ешқашан өшпейтін өмір мен өлім күресі, намыс пен ерлік, еңбек пен төзім тайталасқа түскен тажал уақыттың тамаша нәтижесі-Ұлы Жеңісті Шыңғырлау халқы осылайша әдемі атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале