10.02.2016, 17:30
Оқылды: 11

Ел игілігіне арналған ауқымды істерге баға берілді

????????????????????????????????????

   Бүгін   сәрсенбінің сәтті күні Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев 2015 жылғы атқарылған ауқымды істерді  саралап, алдағы атқарылар жұмыстар  жөнінде тұрғындар алдында өз есебін берді. Есептік кездесуге  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен Президент әкімшілігінен Талғат Байзатов, облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшар  қатысты.


Нұрлан Асқарұлы кәсіпкерлердің өнімдерін тамашалап, жұмыстарымен танысты. Әсіресе, жаздан бастап шығарылғалы тұрған «керамзитбетон» кірпіші келген қонақтарды таңданыссыз қалдырмады. Кереметі де сол бұндай өнім елімізде әлі шығарылмайды екен. – Бұл кірпішпен жұмыс жасау ыңғайлы әрі арзан. Салынған ғимараттың сыртын да бөлек  материалмен әрлеудің қажеттілігі жоқ. Бәрі өзінде», – деді кірпіш құрылымымен таныстырған А.Сүндетбаев. Сонымен қатар, Нұрлан Асқарұлы  етікші С.Шотановтың да еңбегіне оң баға берді.

Аудан басшысы қорытынды есебін  елдің басты құжатына айналған - Елбасы Жолдауынан бастады. Содан соң, өткен жылдың тарихында қалған игі істер мен қол жеткен жетістіктерді тілге тиек етті. Аудан әкімі Санжар Жұматайұлының баяндамасында көрсетілгендей  ауданның бюджеті былтырғы жылы  2 млрд. 366 млн. теңге көлемінде бекітіліп,  жылына бес мәрте нақтыланып, жыл қорытындысы бойынша  2 млрд. 345 млн. теңгені  құраған.

Есепті жиында сөз алған облыс  басшысы Нұрлан Ноғаев өткен жылдағы елеулі оқиғалардың тек бір жылмен шектеліп қалмай, одан әрі жалғаса беретінін жеткізді. Сонымен қатар облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы ауданда біраз істердің атқарылғанын және сол жұмыстардың өз  нәтижесін бергенін  тілге тиек етті.

– Елбасы тапсырмасымен бөлінген халықтың әл-ауқатын көтеру жөніндегі мәселелерді шешу жөніндегі үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде аудандағы 17 мыңнан астам халықтың 88 пайызы ауыз сумен, 90 пайыздан астамы көгілдір отынмен қамтылып отыр. Көрсеткіш жаман емес. Бұл Президенттің берген тапсырмасымен жүзеге асып жатқан әр саладағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу нәтижесі. Осыған қыруар қаражат бөлінді. Сондықтан өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді ескере отырып, оны тиімді пайдаланып отырмыз, - деді Нұрлан Асқарұлы

Одан әрі өңір басшысы еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл толатынын, соған орай  ауқымды шаралар қабылданған баяндап өтті.

Алда үлкен науқан тұр. Ол Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы. Бұған барлықтарыңыз бір кісідей қатысып, өз таңдауларыңызды жасайды деп сенемін, - деді.

Жиын соңында Нұрлан Асқарұлы қойылған сұрақтарға жауап қайырып, Тасқала – Орал тас жолының жөндеу жұмыстары биыл аяқталатынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале