17.06.2015, 22:09
Оқылды: 29

Ел көңілінде жүрген ақын кеші

Karatobe Sholpan apai   Қаратөбе ауданының орталығындағы мәдениет үйінде айтыс ақыны, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы Шолпан Қыдырниязованың еліне, жеріне деген сағынышы, елді аңсауы, әр жылдары жазылған өлеңдері мен айтыстары, езуге күлкі үйіретін жерлестерінің әзіл қалжыңдары топтастырылған «Қаратөбем, қасиетті құшағың...» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Шолпан Қыдырниязованың сөзіне жазылған «Туған жерім - Аққозым» атты әнімен бастау алған жыр кеші ақын өлеңдерінің шеруімен жалғасын тауып, естеліктер мен тілектерге ұласты.

Жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін Қаратөбе ауданы әкімі Асхат Шахаров пен кітап авторы Шолпан Қыдырниязова жасады. Аудан әкімі Асхат Берлешұлы мен ауыл ардагері Орынғали Ермекқалиев сөз сөйлеп, елге қош келдіңіз айтып, апамызға гүл шоқтарын ұсынып, иығына комзол жапты.
Таныстырылым барысында кеш иесі Шолпан Батырқызы сөз сөйлеп,
аудан әкіміне, жерлестеріне үлкен ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале