3.06.2016, 12:55
Оқылды: 39

Ел көңілінен шыққан құжат

????????????????????????????????????

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі жастарға ерекше сенім арта отырып, келешек ұрпақтың жағдайын жасауға баса назар аударып келеді.


    Ел Президентінің жыл сайынғы Жол­дауларының басым бағыттары  жастармен  тікелей  байланысты болуы соның айқын дәлелі. Жолдауда, әдеттегідей  білім саласына көп көңіл бөлінді. Бүгінгі таңда елімізде аталмыш салаға жасалып жатқан қамқорлық білім-тәрбие жұмыстарының сапасын арттырып келеді. Жаңа білім ошақтары бой көтеріп, көптеген мектептердің материалдық-техникалық базасы заман талабына сәйкес жабдықталуда.

   Мектептерде мультимедиялық кабинеттер жабдықталып, интерактивті тақталар орнатылған. Мұның өзі заманауи технологияларға жүгіне отырып, оқушыларға сапалы білім берудің сатысы. Жолдауда атап өтілгендей, 2011-2020 жылдарға арналған білім саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы үлкен серпіліс болмақ.

   «Ұстазына қарай ұстамы» дегендей, бәрі мұғалімінің білімдарлығына байланысты. «Жақсы, білімді ұстаз – оқушының бақыты, білімсіз ұстаз – оқушының соры» деген педагогикалық қағида бар. Жаңа индустриялы – инновацияны пайдалану аясында осы тәсілді зерттей оты-рып оқыту, кейбір ұстаздарымыз үшін шығармашылықпен жұмыс істеуге жол ашты.

   Мектепте білім берудің барлық буынының   сапасын  жақсартуда   ұстаздарды ауқымды жұмыс күтіп тұрғандығын баса айтты. Себебі, 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан, оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін үйрете алатын білікті мамандар дайындалып жатыр. Келешекте біздің оқушыларымыздың білім деңгейін Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізуіміз керек. Біздің оқушыларымыз үш тілді жақсы меңгеруі қажет.
Біздің берген біліміміз оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығына сай болуы тиіс.

    Қазіргі замандағы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру басты мақсат болып отыр. Мәңгілік ел құруды көздейтін ұзақ 2050 жылға дейінгі Стратегия 10 ерекшелікті атап көрсетті.  Мәңгілік ел болу үшін қазақстандық патриотизмді, көптеген инновациялық жобаларды,  ғылым-білім, шағын және орта бизнесті дамытудың көптеген тетіктерін жан-жақты баяндап, ел келешегі - жастарға үлкен сенім арта отырып, әр қазақстандықты үлес қосуға шақырды.
Қазақстан халқын бір мақсат пен мүдденің аясына жинаған Елбасы кемел келешектің, жарқын болашақтың негізін бүгіннен қалауға шақырады. «Стратегия – ол күннен күнге, жылдан жылға еліміз бен қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін нақты тәжірибе жүзіндегі істердің бағдарламасы» деген Елбасының бұл жаңа Жолдауы Қазақстанның тәуелсіздігін мәңгілік ету жолында бағдары айқын, мақсаты биік, мүддесі жоғары бағдарламалық құжат екені анық.
Өйткені мемлекет басшысы айтқандай, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан». Оған қоғам болып ынтымақтаса кіріскенде ғана жемісті жеңіске жете аламыз.

www.zhaikpress.kz

Серік  Сафиуллин

Зеленов аудандық білім

беру бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале