11.05.2016, 13:19
Оқылды: 53

Ел мен ердің жеңісі

Borli elmen erdin jenisi     1941-1945 жылдардағы шайқас. Өмір мен өлім арпалысы. Қайғы мен қасірет зардабы, бәрі-бәрі сұм соғыстың кесірі.

     Басқа түскен сол қиын шақтарда ер ерлігін дәлелдеді, ел бірлігін сақтады. Жауға қарсы қасқайып тұра білген әр жауынгер кеуделеріне тағар ордень, медалды, атақ, даңқты емес, Отан алдындағы борышын ойлады.


    Осынау мерейлі күнде Бөрлі аудан жұртшылығы Ақсай қаласындағы Женіс алаңына жиналып, мерекені тойлады. Ұлы Отан соғысы ардагері Михаил Панченко ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін және аудан халқын Ұлы  Жеңіс күнімен құттықтап, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар шарада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Өтегенов, аудандық мәслихат хатшысы Әділхан Куликешовтар аудан халқын құттықтады.

    Отан үшін өмірін қиған барша батырларымыздың рухына бас иіп, бүгінгі бейбіт күніміз бен нұрлы болашағымыз үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып, бүгінгі күнге аман жеткен ардагерлерімізге алғысымыз шексіз.

     Шарада Отан үшін күресіп, қаза болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алған жұршылық Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестеріміздің мемориалына гүл шоқтарын қойды.

    Меркеелік шара аудандық демалу орталығының ұйымдастырған «Ел мен ердің жеңісі» атта көнцертпен жалғасты.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале