15.11.2016, 17:44
Оқылды: 39

Ел мерейтойына арналды

  %d0%b5%d0%bb-%d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%b9%d1%82%d0%be%d0%b9%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%d0%b0%d1%80%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b  Ел Тәуелсіздігінің ширекғасырлық даңқты датасына арналып, Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта гір спорты мен қол күресінен аудан біріншілігі өткізілді. Бұл жарыстарға 62 спортшы қатысты.

  Айталық, қол күресінен 50 келі салмақ дәрежесінде Аңсар Құбашев (Көнеккеткен), бірдей салмақ дәрежелерінде, яғни өз топтарында 60 келіде Ерасыл Азатов (Қарауылтөбе), Азат Айтуғанов (Чапаев), 70 келіде Сүйеніш Сүйіндіков, Жанғали Теменов (екеуіде Көнеккеткен),  70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ақжайық Мерхан (агротехколледж), Элдар Русланов (Көнеккеткен), 40 келіде Бақтығали Әсет (Базаршолан), ал абсалюттік салмақ дәрежесінде жоғарыда аталған Ақжайық Мерхан топжарды.


  Қыздар арасында Ақбота Досмағамбетова (Алғабас, 50 келі), Әсем Жеңісова (агротехколледж, 60 келі) жеңімпаз танылды.

  Гір тасын көтеруден Дәурен Ғұмаров (Базаршолан, 40 келі), Әлібек Еламанов 60 келі (екеуі де Базаршоланнан), Жақсылық Шалабаев (Қарауылтөбе) пен Омар Асқар (агротехколледж, 70 келі), Ақжайық Мерхан (агротехколледж, 80 келіден жоғары), Элдар Русланов (Көнеккеткен, 70 келіден жоғары), Мұрат Құмашев (Базаршолан, 50 келі) жеңімпаз атанды.

Жәнібек УАХИТОВ

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале