30.11.2015, 19:20
Оқылды: 34

«Ел тірегі - Елбасы»

Elbasi eldin tiregi 01    Батыс Қазақстан облысындағы Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар шеруі «Ел тірегі - Елбасы» атты үлкен мерекелік концертпен айшықталды. Об­лыстық қазақ драма театрының кең залын лық тол­тырған көрермендер Ақ Жайық өңірінің ең үздік өнер ұжымдарының сахнадағы шеберлігіне тәнті болды.

Алдымен облыс әкімінің эстра­далық-симфониялық оркестрі, Құрманғазы атындағы саз колледжі және Тасқала ауданының хор ұжымдары бірлесіп еліміздің Әнұранын әуелетті.  Одан кейін сырнайдың сүйемелдеуімен сы­рымдық Амандық Мергенов «Нұр аға» туындысын тамылжыта орындады.


 

Мерекелік кештің ажарын Ғ. Құр­манғалиев атындағы облыстық фи­лармонияның «Назерке» халық биі ансамблі «Шашу», «Менің елім -Достық бесігі» хореографиялық композицияларымен аша түсті.

Теректілік «Жұлдыз» би ансам­блі­нің, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Қорған» және «Інжу» топта­рының, «Арман» вокалды тобы­ның тамаша өнеріне де көрер­мендер тарапынан жоғары баға берілді.

Elbasi eldin tiregi 03

Концертте сондай-ақ жекеле­ген әншілер, атап айтқанда «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанова, республи­ка­лық байқаулардың лауреаттары А. Хайырханов пен А. Әжіғалиева, Жастар шығармашылығы орталы­ғының әншісі Д. Сатыбаев, облыс­тық байқаудың лауреттары, тас­қалалық Т. Тапалов пен А. Қахов, Р. Нұрсұлтанова мен А. Оразовтар өз өнерлерін ортаға салды.

Салтанатты кешті Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов) күй атасы Құрманғазының әйгілі «Сарыар­қа» күйімен аяқтады.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале