5.05.2016, 11:25
Оқылды: 33

Ел Тәуелсіздігіне арналған байрақты бәсеке

 Shingirlau bairakti    Шыңғырлау ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған БҚО мектеп және колледж оқушыларының VIII жазғы Спартакиадасының бағдарламасы бойынша бокстан 1999-2000 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы арасындағы облыстық кезеңі өтуде.


     Аудандық БЖСМ кешенді ғимаратында ұйымдастырылған спорттық  додаға Ақжайық, Зеленов, Теректі аудандары, Орал қаласы және жергілікті былғары қолғап командалары қатысуда.  Жарыстың ашылу салтанатында  аудандық мәслихат хатшысы Г.Волкогон, аудандық Білім бөлімінің басшысы А.Сапаров және Теректі ауданы командасының жаттықтырушы-бапкері И.Қиындықов  құттықтау сөз сөйлеп, ердің намысын қайрап, ерлік рухқа баулитын, денсаулықты насихаттап, дені сау ұлт қалыптастыруға бастайтын спорттың қадір-қасиетін, елді сүю, Тәуелсіздікті құрметтеу азаматтық міндет, перзенттік парыз деп атап өтті.

     Әнұран ойналып, ел байрағын желбіреткен жарыс қызу басталып кетті. Үміттерін ұтымды әдіс-тәсілге және тиянақты дайындыққа артқан спортшыларға спортшыларға сәттілік тілеудеміз.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале