27.05.2016, 15:32
Оқылды: 23

Ел тәуелсіздігі-ең қымбат құндылық

Shingirlau jygiru    Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтуде.

  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шараға аудан көлемінен 8о-ге жуық мемқызметкерлер қатысуда. Атқарушы билік жүгін арқалаған жандардың қай уақытта да және қай салада да көпке үлгі, өнеге болуы қажеттігін ескерсек, бүгінгі спорттық жарыс бұл деңгейдің биік екенін көрсетуде.


    Салтанатты сап түзеген ресми ашылу сәтінде аудан әкімі аппаратының жетекшісі Е.Тұрмағамбетов бұл шара тек қана денсаулық және үлгі-өнеге ғана емес, Тәуелсіздік деген қасиетті құндылықты ұлықтау, құрмет тұту болып табылатынын атап өтті. Қатысушылар жеңіл атлетиканың ерлер мен әйелдер арасында жақын қашықтыққа және алыс қашықтыққа жүгіру, волейбол, баскетбол, шағын футбол, армресслинг, шахмат және үстел теннисі, гір тасын көтеру түрлерінен жарысуда.

   Жарыс нәтижелері бойынша үздіктерден аудан құрамасы жасақталатын болады.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале