6.11.2015, 11:09
Оқылды: 19

«Ел ырысы» базары мен «Бәйтерек» супермаркетінде халықтың әлсіз тобына қолдау жасау мақсатында бұрыштамалар ашылды

Sauda orindarinda   Облыстық әкімдік пен «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлері бірігіп, пресс тур ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар бұл жолы БАҚ өкілдерін «Ел ырысы» базары мен «Бәйтерек» супермаркетіне алып барды. Бұл жерлерде арнайы бұрыштамалар ашылып, онда облыстық тұрақтандыру қорынан бөлінген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері қойылыпты.

Халықтың әлсіз тобына қолдау жасау мақсатында бұл жолы 128 тонна күріш, 30 мың тонна күнбағыс майы, 250 тонна картоп және 100 тонна пияз бөлінді. Яғни, облыс халқының бір ай бойы тұтынуына  қажетті күріштің 50 пайызы, күнбағыс майының 6-7 пайызы, картоптың  5 пайызы және пияздың 10 пайызы қазіргі таңда қорда дайын тұр.

Қордан бөлінген күнбағыс майының 1 литрі 244 теңге, күріштің 1 келісі 160-180 теңге. Базарда қазіргі таңда күнбағыс майы, шамамен 300 теңге, яғни тұрақтандыру қорынан бөлінген сұйық май бағасы нарықтағыдан 20 пайызға арзан. Күріш пен картоп, пияз да базардағыдан анағұрлым арзан болады. Аталған супермаркеттегі әлеуметтік бұрыштарда саттыққа шығарылған сұйық май мен күріш бағасы бұдан асып кетпеуі керек. Облыстық әкімдік пен Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ және облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бірігіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне күн сайын  мониторинг жасап отыр.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале