1.09.2015, 15:22
Оқылды: 19

Ел үшін еңбек елеусіз қалмайды

Денсаулық – адам үшін әрине, баға жетпес байлық. Ал бұл байлықты сақтап, халықтың оEl yshin enbek eleusiz kalmaidiсыған жауапкершілігін арттыруда, ауру-сырқаудың алдын алуда медицина қызметкерлерінің орны зор екенін айтып жату артық. Үлкен аудан – Ақжайықтың бір айрықша мерейі сол, медициналық жоғары оқу орындарында оқитын түлектердің саны бойынша облыстағы барлық ауданның алдында тұр. Олардың санатынан жылма-жыл денсаулық сақшыларының қатарын нығайтып келе жатқандардың еңбегін ақжайықтықтар мақтан тұтады. Иә, ел үшін еңбек ешқашан елеусіз қалмайды.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов ауылдарымызға келген жас күшпен – ақ желеңділермен кездесуде оларды өмірдегі үлкен қадамдармен риясыз көңілден құттықтай отырып, осы орайдағы толғамдарын ортаға салды. Ол бұл жаңа толқынның өздерінің еңбек жолын байтақ еліміздег ерекше мерейтойлар жылы, Ұлы жоспары – «100 нақты қадамның» шеру тартқан белесінде бастағанын жоралы жақсылыққа балады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа заманауи, сапалы медициналық қызмет көрсетуде сала иелерінің кәсіби біліктілігіне, ізденісіне айрықша сенім жүктеді. Бұл сенімді ақтау, тұрғындар қошеметіне бөлену,-деді Әділ Тауфиқұлы,- сіздердің ұмтылыстарыңызға, парызға адалдықтарыңызға сын. Мамандықтарыңыз лайықты мақтаныш әкелсін.

Бұл таңда медициналық жоғарғы білім ордаларында ауданның 113 қыз-жігіті оқиды. Былтыр облысымызға келген 124 дәрігердің 18-і, ал биыл келген 85 дәрігердің 10-ы ауданымыздың түлегі болып табылады. Мемлекет балауса буынның ойдағыдай білім алып, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен еңбекке орналасуына да зор қамқорлық көрсетуде. Әлбетте, бұл қамқорлықты ақтауда олар қолдан келгеннің бәрін жасайтыны сөзсіз. Биыл кадр тапшылығын шешуде айтулы өзгеріс болып отыр. Айталық, Тайпаққа төрт бірдей дәрігер келді. Ал біраз жолдан бері дәрігері жоқ болып, қиналған Қабыршақты ауылдық округі үшін де бұл түйін шешілді. Мұндағы дәрігерлік амбулаторияда ауылдың өз түлегі Ержан Сыдықов білек түріп іске кірісті. Кездесуде аудандық орталық аурухананың директоры Дархан Хайрошев осы жайында баяндай келіп, өткен жылы келген 5 жас маманың жұмысы хақында жылы лебізін арнады. «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы Біржан Кухаев тұстастарының саладағы аға әріптестерінен үйренсіп, нағыз білім, ізденіс танытатындарына деген сенімін айтты.

Қарауылтөбе түлегі, аудандық емханада еңбек жолын бастаған Құралай Байкеева аудан басшысына осы дидарласуы үшін, тілегі мен пейілі үшін барлық әріптестер атынан ризашылығын айтты.

Ә.Т.Жоламанов ақ желеңділер арасындағы жастардың ортақ іс-шаралардың әманда ортасынан табылып, спортта, өнерде де танылып жүргеніне ризашылығын айтып, кейінгі күштің де солардан қалыспайтынына тілегін арнады. Ол жас мамандарға естелік сыйлық тапсырды.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Тілек Ғабдушев болды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале