10.11.2015, 19:21
Оқылды: 16

Емдеу-әдістемелік көмек көрсетті

Janibek emdeu adistemelik komek korsetti    Жәнібек аудандық орталық ауруханасына облыстық клиникалық ауруханадан дәрігерлер келіп, аудан тұрғындарына хирургиялық көмектер көрсетті. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Сәуле Исмағұлованың айтуынша,  бұл бригаданың облыс орталығынан келгеніне 4 күн болыпты. Өткен сенбіде аудан орталығына жеткесін бірден жұмысқа кірісіп кеткен. Құрамында облыстық клиникалық аурухананың хирургі Самарбай Мұқанов, ауруды операцияға даярлайтын анестезиолог дәрігер Болат Бөлекбаев бар тәжірибелі мамандар осы күндердің ішінде жүзге жуық пациентті қабылдап, он шақты адамға хирургиялық ота жасап үлгірген. 

Аудандық орталық ауруханада науқастарға ота жасағалы тұрған облыстық клиникалық аурухананың хирургі Самарбай Мұқановпен аз-кем тілдескенімізде, ол мұнда ұйымдасқан дәрігерлік емдеу-әдістемелік көмек көрсетуге келгендерін айтып, негізінен бауырдағы тас, денедегі ісік тағы да басқа сол сияқты ауруларға хирургиялық ота жасайтынын айтты.

www.zhaikpress.kz

 Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале