25.02.2016, 9:02
Оқылды: 30

Емен ағашын кескені үшін жазаға тартылды

 Emen agashin  Зеленов ауданы Приурал полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Озерное ауылынан 7 шақырым қашықтықтағы орман алқабында емен ағаштарын кесумен айналысқан 1973ж.т., 1952 ж.т., 1978 ж.т. азаматтарды анықтап,  қолға түсірді. Оқиға орнынан емен ағашының бұтағы және ара (бензопила) тәркіленді. Аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 340-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Еске сала кетейік, Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, жойып, бүлдіргені үшін 200 АЕК-ге дейін айыппұл салынады, немесе сол көлемде түзету орындарына жіберіледі, немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, немесе 60 тәулікке дейін қамауға алынады.

     www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале