30.08.2015, 9:34
Оқылды: 33

Ерекше тәуекел сарбаздарымен кездесті

Akajyik erekshe tauekel    29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне байланысты Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова Семей ядролық полиноны аймағында әскери борышын өтеген азаматтармен кездесті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі көшбасшылық рөлін танытатын бір қыры – Семей аймағындағы ядролық полигон жабуы. КСРО-нің бұл ядролық сынақ алаңына сонау кезде алдын ала 18 млн. га. жер бөлінген еді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін полигонды өз еркімен жауып, ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде әлемге белгілі болды. Содан бері қарай мемлекетіміз осы аймақта  Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздардың бәріне тиісті көмек көрсетіп келеді.

Кездесуде Сырым ауданындағы Бұлдырты орта мектебінің 10 сынып оқушысы Анатолий Райымбек «Радиоактивті (радиациялық) сәулелену» тақырыбында зерттеу жұмысын баяндады. Ол радиоактивті құбылыс, сәуле шығарудық табиғаты туралы, сыртқы ортадағы радиция мөлшері артуының адамзат баласына қауіптілігін, аталған полигонда азаматтық борышын өтеген жерлес ағаларының бүгінгі жай-күйі туралы баяндады. Сондай-ақ, Чернобыль атом стансасындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерік-жігерін құрмет тұту жайында айтты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ерекше тәуекелді сарбаздар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Сарғозиев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Дархан Хайрушев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жанна Нұржанова, аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы Мейрам Шутанов, аудандық «Ерекше тәуекелді сарбаздар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Абдолов, Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген азамат Нығмет Бағысқалиев сөз алып, кейбір өзекті жайларды ортаға салды. Кездесуде Семей жерінде өзінің азаматтық борышын өтеген ауданымыздан бірқатар азаматтарға «Бауыржан Момышұлы атындағы Батыр шапағаты», «Семей полигонының жабылғанына 20 жыл» медальдары мысалы, Ермекқали Айтқалиев, Асқар Абдолов, Түсіпқали Жұмашев, Алексей Мясников, Бекқайыр Әміржан, Қуат Нұрғалиевтарға табыс етілді және оларға Алғыс хаттар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале