30.06.2015, 19:29
Оқылды: 23

Ерлікке сай марапат

Nikita Зеленов ауданы әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Тугузбаев суға батып бара жатқан екі қызды ажалдан аман алып қалған Достық мектебінің 8 сынып оқушысы Никита Тюкинді қабылдап, аудан әкімінің арнайы марапатын ұсынды.

–Сен қиын жағдайда батыл шешім қабылдап, өз өмірің үшін алаңдамастан ерлік іске бардың, екі бірдей қызымызды өлімнен құтқардың. Еліміздің Ата Заңында ең басты құндылық адам және оның өмірі деп жазылған. Сен ендеше Конституциялық міндетіңді абыроймен атқарып тұрсың Никита. Сен сияқты батыл да қайсар өрендер ертеңгі ел қорғаны. Ендеше оқуда алда болып, өзіңді салауаттылыққа баулып, ержүрек мінезіңе сай мамандық иесі атануыңа тілектеспін – деген Амангелді Кәрімұлы аудан басшысы атынан соңғы үлгідегі сапалы планшет сыйға тартты.

Никитаның батыл әрекетіне сүйсінген мекеме, бөлім басшылары да елдің ризашылығын білдіріп, ерлігін мақтанышпен сөз етті.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Тоғызбайұлы

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале