6.01.2016, 12:39
Оқылды: 18

Ерлікке құрмет жалғаса бермек

Shingirlau erlikke jalgasa bermek         Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Алдияр Халелов Ұлы Отан соғысының қос ардагері А.Рудь пен С.Игилмановтың  отбасында болып, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтау хаты мен жаңажылдық сыйлықтарды табыс етті. 95-ке қараған Андрей Рудь ақсақал әлі тың. «Жастарды еңбекке баулу қажет. Жұмыс істеп өскен бала нағыз азамат болады»,-дей отырып, өзінің әлі де бақшада жұмыс істеп, үйде отыра бермей үнемі қозғалыста екенін әңгіме етті.


 «Сұм соғыс енді болмасын, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Елбасымыз жаңа жеңістерге, табыстарға бастай берсін»,-деп ақжарма тілек ағытқан Сүйеу ақсақал келгендерге ас дәмін ұсынып, жаңа жыл дастарханына шақырды.

Қос ардагермен кездесуден кейін олардың өмірге құштарлықтарына, ой-өрістерінің тереңдігіне сүйсіндік. От арасынан шыңдалып аман оралған батырларымыз елдің мақтаныштары. Еңбекпен есейген, ерлікпен бөліскен қарт сарбаздарға риза болып аттандық. Дендерің сау, өмірлерің қуанышқа толы болғай, қос ардагер.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале