28.07.2016, 17:47
Оқылды: 21

Еріктілер көмек көрсетуде

скачанные файлыЗеленов аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Жантемір Иманалиевтің айтуынша, қоғамдық тәртіпті сақтауда жергілікті полицияға тұрғындар да көмек қолын созуда.


Әр ауылда құрылған 24 еріктілер тобы құрамында 160 тұрғын жұмыстанып, 2 қылмыстың ашылуына және 110 қоғамдық құқық бұзушылықтың әшкереленуіне көмек етсе, тағы 45 адам өздерін полицияның қоғамдық көмекшісі қатарына қабылдау туралы өтініш білдірген. Сәйкесінше, қоғамдық тәртіптің сақталуына азаматтық үлес қосқан белсенді тұлғаларға БҚО Ішкі істер Департаменті 10 АЕК көлемінде қаржылай сыйақы тағайындапты.

Алдағы уақытта да саладағы атқарылған жұмыстар халық алдында түйінделіп, олқылықтар ашық талқыланып отырмақ. Ұлт жоспарының бұл қадамы осылайша құзырлы орган мен қоғам байланысын жетілдіріп, мәселені бірлесе шешуге үндейді.

Нұржан ДҮЗБАТЫР
аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале