27.05.2016, 15:11
Оқылды: 34

Ерінбей еңбек етсең егер, тікен де гүлге айналып шыға келер

Zelenov egin    Шаруашылықтың қай түріне болмасын қолайлы ауданымызда биыл да дала науқаны жоспарлы жұмысын атқаруда. Ауыл шаруашылық дақылдарын уақытылы әрі қолайлы мерзімде егіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін асқан жауапкершілік пен қырағылық танытуды қажет етеді.


    «Диқан жауында тынады» демекші, өңірімізде толассыз жауған жаңбыр егіс жұмыстарына тұсау болса да, көктемгі далалық жұмыстардың жүргізілу барысы ойдағыдай. Сонымен бірге жаздық дәнді, майлы, мал азықтық, дақылдар егілуде. Алайда, қолайсыз ауа райы егіс жұмыстарының уақытында бітуіне кедергі келтіргені анық.

     Сонымен, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі берген мәліметіне сүйенсек, межелі жоспарға сай жаздық дәнді дақылдарды биыл 78 100 га көлемге егу көзделген. Қазіргі кезде бидай 25 217 га арпа 9865 га тары  43 га сұлы 60 га дәнді құмай  275, ноқат 100 га егілген. Ал, майлы дақылдардан 16 700 гектар алқапқа егілу көзделген еді. Оның ішінде күнбағыс 3364 га қыша  1130 га егілсе, мал азықтық дақылдардан көпжылдық шөптер  3163 га бір жылдық шөптер 1109 га егіліпті. Сондай-ақ, 715 га картоп, 192 га көкөніс, 17.3 га бақша дақылдары отырғызылыпты.

     Жалпы көктемгі егіс жұмыстарына 598 адам жұмылған.

   Егіс науқанының қаншалықты сәтті жүзеге асуы техникалық қамту, жөндеу жұмыстарының сапасы мен машина-трактор паркінің дайындық деңгейіне тікелей байланысты екені мәлім. Осы бағытта өңірдегі техниканың жағдайы да жаман емес. Дала жұмыстары үшін «Джон Дир», «Кейс», «Нью Холланд» сынды 28 комбайн, 1913 трактор, 3721 тұқым сепкіш  пайдаланылуда.

     Ал, енді науқан барысында үлкен қорды қажет ететін жанар-жағармай мәселесіне келетін болсақ, 2016 жылы ауданымызға 3931 мың тонна жанар-жағармай бөлінген. Тауар өндіруші 1 литр жанармай үшін  93 теңге жұмсайды.

    Көктемгі егістік жұмыстарына жұмсалатын жанар-жағармай 178  ауыл шаруашылыққа бөлінді. Олардың 147 - сі мал азықтық және дәнді дақылдар, ал 31-і бау-бақша, көкөніс дақылдарын егумен айналысады.

    Бүгінгі таңда жанар-жағармай ұсынған оператор «ҚазМұнай Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестен 2873 мың тонна жанар-жағармай алу үшін 66 шаруашылық келісімшарт жасасып, нәтижесінде 808,6 тоннасы алынды.

    Айта кетейік, егіс науқаны толықтай маусым айының басында аяқталады деп жоспарланған.

www.zhaikpress.kz

Динара БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале