17.05.2016, 17:23
Оқылды: 28

Еселі еңбектері еленді

Zelenov eseli enbekteri elendi   Зеленов ауданы Дариян ауылдық әкімдігінде №2 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Н. Жабаловтың ұйымдастыруымен аталмыш бөлімде көп жыл қызмет етіп, зейнет жасына жеткен азаматтарды құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өткізілді.


    Жиын басында сөз алған бөлім басшысы зейнетке шыққалы жатырған Б. Мұхамбетов, Ж. Жұмашев, В. Логишкин, Ж. Серіковтерге алғыс хаттар мен сый-сыйапат жасап, абыроймен атқарған еңбектеріне алғысын жеткізді.

    Сондай-ақ салтанатты шара барысында өрт сөндіру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер А. Крачковскийді 80 жасымен құттықтаған сала қызметкерлері ақсақалға естелік сыйлықтарын жасады. Жиынға соңында өрт сөндірушілерді құттықаған округ әкімі Б. Ерболатов зейнет жасына шыққалы жатырған жандарға әрқашан биіктен көрінулеріне тілектес екендігін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан Аязбаева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале