9.11.2015, 16:17
Оқылды: 36

«Есепте тұрғандар және олардың тәртібі» жедел профилактикалық шарасы басталады

Akjayik esepte tyrgandar   Ағымдағы жыл басынан бері Ақжайық аудандық №1 пробация қызметінің есебінен 42 қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандар өтті, соның ішінен 21 сотталған азамат жазаларын өтеп босатылды.

2015 жылдың 10 айы бойынша есепте тұрған қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың арасынан 4 сотталған (оның екеуі отбасынан ажырасқан, екеуі жанұя құрмаған) жаза мерзімін дұрыс өтемей, түзеу мекемесіне жіберілді. 1 сотталғанға тіркелуге келмеген үшін іздестіру жарияланып, 2 сотталғанға кешкі уақытта тұрғылықты жерлерінде болмағаны үшін өткен аптада ескерту берілді. Пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталғандармен профилактикалық іс-шаралар, заңнан түсініктер ұдайы өткізіліп келеді.

ҚР ІІМ ҚАЖК-нің 2015 жылдың 29 қазандағы №98 – ОД бұйрығына сәйкес, Ақжайық аудандық №1 пробация қызметі мен ішкі істер бөлімі бас бостандығынан айырумен байланысты емес сотталғандардың тарапынан болатын қылмыстың, құқықбұзушылықтардың алдын алу, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауды күшейте түсу мақсатында осы айдың 9-ы мен 16-сы аралығында есепте тұрғандармен «Есепте тұрғандар және олардың тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шара өткізуге жан-жақты дайындықпен кірісуде. Сол жандардың ауылдардағы 20-дан астам көршілерімен әңгіме өткізіліп, олардың тұрмыстағы тәртібі жайында пікірлесу жүргізілді.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан САМИҒАЛИЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале