29.06.2016, 14:57
Оқылды: 45

«Есеп» жедел алдын алу іс-шарасы

esep zhedel zhardem aluБүгін аяқталып жатқан «Есеп» жедел алдын алу іс-шарасы бойынша Ақжайық ауданында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмысты ескерту, құқықбұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау, оларды профилактикалық есепке қою жөнінде біраз істер атқарылды. «Есепке» ішкі істер бөлімінің 20 қызметкері атсалысуда.


«Есеп» жедел алдын алу іс-шарасының барысында ӘҚБтК-нің 73-бабында көрсетілген, яғни отбасы тыныштығын бұзған 3 тұрғынға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, деректер базасына есепке қойылды. Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлімінде қарастырылған, яғни қоғамдық орында тұрғындарға тиісу фактісі бойынша 2 адамға әкімшілік хаттама толтырылды.

ІІБ-де түрлі санатта есепте тұрған 221 адамның 56-сы тұрғын жайларында тексерілді, олардың тарапынан құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале