17.06.2016, 18:22
Оқылды: 54

Ескендірдің ескірмейтін әндері әуеледі

Eskendirdin eskirmeitin auenderi   Қазақстан Республикасының Халық артисі, әнші-сазгер, жерлесіміз Ескендір Хасанғалиев жары Дарико және немересі Зеремен ауданымызға келіп, «Нұрлы таң» шығармашылық концертін әнсүйер қауымға ұсынды.

  Ескендір аға мен Дарико апамыз сазгердің әйгілі «Атамекен» әнінің сөзін жазған Қадыр Мырза Әлидің ескерткішіне аялдап, гүл шоқтарын қойды. Аудандық Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайының көнеден сыр шертер жәдігерлерімен танысты.


  Кешті Ескендір аға елге деген сағынышының куәсіндей «Перзент жыры» әнін пианомен сүйемелдеп шырқаумен бастады. «Мектеп бітірушілер жыры», «Қарындасыма», «Бозторғайым» және балаларға арнаған әндерін орындады. Кеште Ескендір Хасанғалиевтің әндерінің «Атамекен» фестивалінің лауреаттары ән шырқады. Халық сазгермен қосылып, бірге ән айтты.

   Құлақтан кіріп, бойды алған, Ескендірдің ескірмейтін әндерінің әдемі кешінде залға лық толған көрермен қол соғып, гүл беруден шаршамады.

   Аудан әкімі Абат Шыныбеков Ескендір Хасанғалиевке ерекше кеш үшін алғыс айтып, иығына шапан жауып, немересі Зереге құлын атады.

www.zhaikpress.kz
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале