4.08.2015, 9:05
Оқылды: 25

Ескендір Хасанғалиевтің ән байқауы

Kaztalov Eskendir hasangaliev    Қазталов аудан орталығында «Достық» саябағында халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың арасында VIII аудандық «Атамекен» ән байқауы оздырылды.

Байқауда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылардың VIII аудандық байқауына ауданның 10 округінен қатынасып, байқау шарты бойынша композитордың екі әнін орындау қажет.

Нәтижесінде байқауда бағын сынаған үміткерлеріміз Нұрбек Мұхамбетқалиев (Жалпақтал) 1 орын, Мәншүк Дүйсекова (Қараөзен) 2 орын, «Трио» (Көктерек) 3 орынды иеленсе, әжібайлық Татмира Қапиолла бас жүлдені қанжығасына байлап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Жұлдыз Асқарқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале