27.05.2016, 18:50
Оқылды: 20

Ескерткіш тақта орнатылды

Janakala Lukpankizi      Өлкемізде саналы ғұмырын халық игілігі жолында адал еңбек етуге арнаған тұлғалар баршылық. Солардың бірі - ұстаз, ұзақ жыл мәдениет саласында еңбек еткен Әслима Лұқпанқызы.

    Әслима Лұқпанқызы көп жылдар бойы мәдениет саласында жемісті еңбек етіп, ауданық халық қорының негізін қалауға ұйытқы болды. Парасатымен, терең білімімен ерекшеленген тұлғаның мәдениет саласына қосқан еңбегі ұшан-теңіз.


   Ол мектепте музыка пәнінің мұғалімі, кейін аудандық мәдениет үйінде дирижер қызметін абыроймен атқарды.

    Осылайша, елі үшін еңбек еткен тұлғаның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында  мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Әслима Лұқпанқызының тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатты. Тақта орнатуға арналған салтанатты жиында аудан әкімі Л.Хайретдинов, досы Күләнда Бекетқызы, ардагер ұстаз Н.Мақанов, құдасы Нұржан Төлепов және тума туысқандары, достары белгілі тұлғаныеске алып, өнегелі өмірі жайында әңгімелер айтты.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале