10.03.2016, 18:25
Оқылды: 21

Естай мен Наргизаның жетістігі

????????????????????????????????????

   Петропавл қаласында қысқы спорттық бағдарлаудан ел біріншілігі өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен келген 200-ден астам спортшы бақ сынасқан жарыста облысымыздың намысын қорғаған 9 спортшының  екеуі жүлдеге ілінді. Олар 16 жасқа дейінгі ер балалар арасында бақ сынаған Естай Кеңгесбаев пен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы сынға алғаш түскен Наргиза Иргусаева. Естай қысқа қашықтықта екінші орыннан көрінсе, Наргиза қысқа, орта және алыс қашықтықта жарыс жолына шығып, барлығында да күміс медаль еншілеген.


Ел біріншілігінен жүлде алған спортшылардың бапкері Серік Хайруллин: «Қысқы маусым аяқталды. Енді жазғы спорттық бағдарлауға дайындалатын боламыз. Сондай-ақ Наргиза Тайландта өтетін ересектер арасындағы Азия біріншілігіне барады»,-десе, жарыс туралы өз ойын білдірген Естай: «Чемпионат жоғары деңгейде өтті. Тіпті төрешілерді де шет елдерден алдырған. Әлем, Азия, Еуропа біріншіліктерінде төрелік етіп жүрген адамдар қадағалап тұрған соң қателіктерді аз жасауға тырыстық. Орта және алыс қашықтықта жолым болмағаныммен қысқа қашықтықта күміс медаль еншіледім. Ата-анамның үмітін ақтап, спорттағы жетістіктерімді жоғарылата берсем. Еліміздің атын шығарсам деген арманым бар»,-дейді

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале