21.04.2016, 12:27
Оқылды: 16

Есімі ел есінде

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданы орталығында волейболдан ардагерлер арасында спорт шеберлігіне үміткер, осы салада  ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, аудан, облыс көлеміне танымал спорт жанашыры Марклен Зейнешұлы Үмбетқалиевті ексе алуға арналған турнир өтті.


     Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі аппаратының басшысы Мұрат Залмұқанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Ахметжанова, спорт ардагері Генадий Терехов және Марклен Зейнешұлының замандас досы, облыстық спорт мектебінің әдіскері Валентин Каракужиев келіп, марқұмның білім беру, спорт саласында атқарған жұмыстары туралы айтып, бар өмірін аудан спортының дамуына арнаған жан жайындағы естеліктерімен бөлісті.

     Ал жарыста ауданның біренше округінен келген командалар айналмалы жүйе бойынша сынға түсті. Бір-біріне дес бермей, әр  ұпай үшін жан алыса тартысқан ардагер ойыншылардың алаңдағы шалт қимылдарымен және шеберліктерімен көрермен қауымның қошеметіне ие болып жатты. Осылайша тартыс пен эмоцияға толы болған турнир қорытындысында зеленыйлық ардагерлер үшінші, Янайкин командасы екніші орыннан көрінсе, бірінші орын мен ауыспалы кубокты Переметный ардагерлері жеңіп алды. Сондай-ақ жарыс барысында тамаша ойын өрнегімен көзге түскен Вячаслав Курганов «Үздік қорғаушы», Владимир Харкин «Үздік байланыстырушы», Сергей Наконечный «Үздік ойыншы» аталымдарын еншілесе, жарыстың «Үздік шабуылшысы» аталымын спорт ардагері және жарыстың ең егде қатысушысы Иван Юнусов қанжығасына байлады. Бұдан бөлек, басқадан осалдау болғанымен есесін оңай бермеген Переметный ауылының екінші командасы жеңіске деген жігері үшін аталымын еншіледі.

     Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен медальдар және естелік сыйлықтар табысталды. Болашақта атлмыш жарысты дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале