27.11.2015, 10:55
Оқылды: 14

Есірткі жинап есірді

Janibek narkotik  Қарашаның 23-і мен 27-сі аралығында облыс көлемінде «Жөнелтпе» атты жедел іс-шарасы өткізілген болатын.


Бұл іс-шараның мақсаты – есірткі затының, оны қолданушылар мен  тасымалдаушылардың жолын кесу, алдын алу болып табылады.

- Осы іс-шара кезінде Жәнібек ауылы, Чурин көшесінің тұрғыны А.-ның қорасына марихуана жасырып қойғаны жөнінде хабар түсті. Көрсетілген мекенжайға барып, тексеру жүргізу барысында пакетке оралған күйінде жасыл түсті, жабайы сораға ұқсас зат табылып, сараптамаға жолданды. - дейді Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты М. Бапахов.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале