19.05.2015, 18:03
Оқылды: 25

Есірткі затын сақтаған

esirtki zatin saktagan01   Батысқазақстандық полиция қызметкерлері есірткі затын сатумен айналысатын Ақсай қаласының 25 жасар тұрғыны анықтады. Ол «М» есімді азаматқа 4,34 грамм көк шөпті сату кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тұрғылықты мекенжайы бойынша санкцияланған тінту жүргізу кезінде көп қабатты үйдің чердагынан 2 полимер пакеті, 3 литрлік пластикалық бөтелке және спецификалық иісі бар өсімдік заттары бар 10 сіріңке қорабы тәркіленді.

Сараптама нәтижесі бойынша оның жалпы салмағы 930,62 грамм «кептірілген марихуанна» екені анықталды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша, яғни, есірткі құралдарын заңсыз дайындау, алу, сақтау және сатумен айналысқаны үшін  қылмыстық іс қозғалды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале