1.07.2016, 15:17
Оқылды: 25

Есірткі тәркіленді

marihuana25 маусымда Орал қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің және жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаладағы Аманжолов көшесінің бойындағы үйлердің қасында есірткі затын сатумен айналысқан адамды анықтап, қолға түсірді. Күдікті азаматты тексеру кезінде 2,97 грамм марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.


28 маусым күні Ақсай қаласында Молодежная көшесі бойындағы орталық базардың қасында 1982 жылы туылған азаматшаны тексеру кезінде полиэтилен пакетке оралған 5 ас қасық мөлшерінде арнайы спецификалық иісі бар сұр-жасыл түсті өсімдік заты табылып, тәркіленді. Алынған зат сараптамаға жіберілді.

              www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале