6.10.2015, 10:38
Оқылды: 15

Ет өнімдерінің делдалдарсыз, тікелей сатылуын ұйымдастыру керек - БҚО әкімі

BKO akim    Ет өнімдерінің делдалдарсыз, тікелей сатылуын ұйымдастыру керек. Сонда баға да қолжетімді болады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру мәселелеріне арналған кеңесте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Аталған кеңесте Оралда сатылатын ет бағасы Атырау мен Ақтаудағыға қарағанда, қымбат екендігі белгілі болды. Шын мәнісінде көршілес облыстарға етті батысқазақстандықтар жеткізеді. Арадағы делдалдар қалаға ет әкелгенде, бағаны көтеріп жібереді. «Қалада ауыл шаруашылығы тауарларын сататын делдалдарға бақылауды күшейту керек. Бұл ретте мал өсірумен тікелей айналысатын шаруалармен ақылдасып, олардың өз өнімдерін өздері өткізуіне жағдай жасау қажет. Жәрмеңкелер аракідік ұйымдастырылып жатыр, бірақ жүйелі жұмыс жоқ. Делдалдардың көптігінен шаруалардан ет тұтынушыға жеткенше, қымбаттап кетеді. Осының алдын алып, дұрыс жүйесін жасап, бағаға бақылау орнату керек. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында Елбасымыз берген тапсырмаларды орындаудың бір жолы осы», деді өңір басшысы. Осыған орай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбековті сынға алған облыс әкімі өзінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловқа жағдайды жіті бақылауға алуды тапсырды.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале