13.04.2016, 18:44
Оқылды: 47

«Еуразиялық өзен аралығы»: «Өндіріс, ғылым мен білімді біріктіру»

nauka     Облыстық қазақ драма тетрында «КазИИТУ» ғылыми-білім кешені мен Технопарк «Алгоритм» ЖШС қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Еуразиялық – өзен аралығы»: «Өндіріс, ғылым мен білімді біріктіру» атты VI Халықаралық Интеграциялық форумы өтті.


      Бұған облыс әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесінің басшылығы, жергілікті және ресейлік ғалымдар қатысты. Форум аясында  облыстық  кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы көрме ұйымдастырып, мұнда «Стекло-Сервис», «Фирма Родник» ЖШС, «Asia Flow Grop», «Аэробот», «Мария ханым» ЖШС мен «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ, «Текемет» ЖК қызметкерлері өздерінің инновациялық өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.  Келушілер, әсіресе,  Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен«КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің және облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы өкілдерінің жұмыстарына үлкен қызығушылық танытты.

      Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов Жайық өңіріне арнайы келген меймандарға «хош келдіңіз» айтып, форум жұмысына сәттілік тіледі.

     Форум жұмысының маңыздылығын түсіндіру үшін оқырмандар қаперіне мына бір жәйтті сала кеткеніміз жөн болар. Бұдан 6 жыл бұрын «ҚазИИТУ» кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик  Ақсерік Әйтімов бас­таған ға­­­­лым­дар тобы «Еуразиялық өзен аралығы» ат­ты халық­ара­лық қо­ғам­­дық қоз­­ға­лыстың өмір­ге келуіне мұрындық болған еді. Содан бері ҚазИИТУ ке­шенінде ғарыштық технология­лар мен автоматтандыру және радиоэлектро­ника мен сала аралық технологиялар бағыты  бойынша ғылыми конфе­рен­циялар мен конгресстер ұйым­дас­тыру ісі дәстүрге айналды. Осындай интеграциялық си­­паттағы үрдіс ҚазИИТУ ғалым­дарына Кеден одағына кіретін мемлекеттер мен Еуропаның мәртебелі ғы­лыми орталықтары және инно­вациялық көрмелеріне қаты­суына мүмкіндік берді. Аталған ғылыми - білім кеше­нінің ұжымы Ресейдегі Пенза мемле­кеттік университетімен бірге интел­лектуалдық және ин­нова­циял­ық идеялар транс­фер­тін жүзеге асыруда.  Бұл жұмыстарды бір жүйеге түсі­руде көршілес мемлекеттегі «Дубна» халықаралық  табиғат, қо­ғам және адам университетімен бір­лесіп құрылған «Бірқалыпты инновациялық даму» деп аталатын кон­сор­­циумдық жобаның да ықпалы зор болып отыр. «Еуразиялық өзен аралығы» ат­ты Халық­ара­лық қо­ғам­­дық қоз­­ға­лыс жұмысының нәтижесінде Мәскеу, Дубна, Сама­ра, Тольятти және Орынбор мен Са­ра­тов қалаларының жетекші ғалымдары интеллектуалдық байла­нысқа тартылып, ҚазИИТУ ке­шенінің ғылыми қызметкерлері олармен іс-тәжірибе алмасуда.  Бұл жолғы шараны да осы бағыттағы жұмыстардың заңды жалғасы десек болады.

     Шара барысында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілі  Батырбек Дәуітбаев «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметі туралы баяндады. Ол өз сөзінде инновациялық гранттарды иелену мүмкіндігі жөнінде айтып,  өнертапқыштарды осыны тиімді пайдаланып қалуға шақырды. Осы жерде мінберге сұранған жергілікті ғалым Алтай Зинуллин елімізде ұлттық технологияларды дамытудың кенже қалғанын айтып, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкіліне осы мәселені жедел қолға алу қажеттігін жеткізді. Бұдан кейін «КазИИТУ» кешенінің құрылтайшысы, академик Ақсерік Сарыұлы «Мемлекеттік міндеттерді шешудегі интеграциялық процесстердің ғылымдағы, білімдегі және тәжірибедегі рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Оның сөзінше, «ҚазИИТУ» кешені ресейлік оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыстануда. Соңғы төрт жылдың ішінде қазақстандық жастардың білім алуы үшін «Дубна» университетінен 2 аспирантқа, 40 магистратрантқа және 30 бакалаврға орын бөлінген. Дубнада оқып жатқан жастардың толыққанды білім алуы үшін барлық жағдай жасалғанын жеткізген ғалым осының барлығы да интеграциялық ықпалдастықтың нәтижесі екенін айтты.

    Оның сөзін жалғастырған облыс әкімдігі аппаратының ??КГУ «Қоғамдық келісім»  экспертті-аналитикалық бөлімінің меңгерушісі Әсия Жумина «Ұлтаралық құзыреттілік және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі» жөнінде әңгімелесе, техника ғылымдарының кандидаты, Пенза мемлекеттік университетінің профессоры Петр Харитонов «Шығармашыл мамандардың кәсіби даму траекториясының үздіксіз қалыптасуы» туралы баяндады. Сондай-ақ, форумға қатысушылар техника ғылымдарының кандидаты, «Дубна» университетінің тұрақты инновациялық даму кафедрасының профессоры Сергей Кибальниковтің  «Қазіргі заманғы әлем дегеніміз не және біз оның дамуын қалай көреміз» атты тақырыптағы пленарлық баяндамасын да ықыласпен тыңдады.

     Осыдан кейін Ресей Федерациясының белгілі өнертапқышы,  Пенза мемлекеттік университетінің академигі, профессор, «Архимед салоны» мүшесі Петр Харитонов инновацияны дамытуға белсенді атсалысқаны үшін бір топ жерлестерге медальдар мен арнайы дипломдар табыстады. Олардың қатарында облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар мен  «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымы және Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің оқушысы Әзиз Талапов бар.  Сондай-ақ, Катар Республикасында өткен 12-халықаралық робототехника Олимпиада қатысушылары мен облыстық инновациялық «INNOVA-2015» конкурсының жүлдегерлеріне де арнайы диплом табыс етілді.

 www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале