11.04.2016, 18:31
Оқылды: 21

Еуропалық қайта құру және даму банкі өңірге қаржы құюға ниетті

EBBR     Облыс әкімі Алтай Көлгінов Қазақстандағы Еуропа қайта құру және даму банкінің директоры Джанет Хэкманды қабылдады. Кездесуде облыстың инфрақұрылмын дамыту жобаларын бірлесіп қаржыландыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

     Қазақстандағы Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстандағы ірі инвестордың бірінен саналады. Банк еліміздегі жобаларға 15 млрд. доллар шамасында қаржы құйды.  Қазіргі уақытта құны 2,5 млрд. теңге көлеміндегі 80-нен астам жоба «жандануда».  Осы орайда аталмыш банкпен БҚО әкімдігінің арасындағы әріптестік басталады деп күтілуде.


     Өңір басшысының қабылдауынан кейін аталмыш банктің директоры Джанет Хэкман журналистерге сұқбат берді. -Облыстың тыныс-тірлігімен, әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысуға келдік. Әкім мырзаның қабылдауында болғанымызда, бұрынғы және жаңа жобалардың жай-жапсарын талқыладық. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлікті қолдауға гранттар бөлу, сонымен қатар алдағы уақытта қолға алынатын тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы қайта жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, сумен және жылумен қамту  жобалары мәселелері әңгіме өзегі болды. Еуропа қайта құру және даму банкі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласының кәсіпорындарына гранттық көмегін ұсына отырып, корпоративтік басқаруға, қуат тиімділігін арттыруға қолдау көрсетеді, - деді Джанет Хэкман.

      Оның айтуынша, әріптестікті күшейту келісімдері бойынша   Қазақстан Республикасының Үкіметі 40 млн. еуро көлемінде грант бөлді. Бұл қаржыны банк шағын кәсіпкерлікті дамытуға жұмсаған, соның ішінде Ақ Жайық  өңіріндегі шағын кәсіпкерлік саласындағы 153 компанияға гранттық қолдау көрсетілді. Өткен жылы аталмыш банк өңіріміздегі шағын кәсіпкерлікті  күшейту тақырыбына арналған  конференция ұйымдастырып, өңір кәсіпкерлері белсене қатысқан.

      Банк «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын дамыту бағытында жұмыстануда. «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрғасы Ержан Балтаевтың айтуынша, биыл инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту жобалардын іске асыруға шамамен 6 млрд. 600 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу жайы талқыланып, қарастырылуда.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

 «Орал өңірі»   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале