19.10.2016, 11:05
Оқылды: 27

«Еуропа-Азия» фестивалі

  ZH-350x350    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Халықаралық туризм күніне арналған білім қызыметкерлері арасында өткізілген XIX «Еуропа-Азия» туристік фестивалі оздырылды.


   Аталмыш шараға Жәнібек ауданы БЖТжЭ орталығының қызыметкерлері мен аудандық мектеп мұғалімдері қатысып алдыңғы қатардан көрінді.  Атап айтар болсақ, «Туризм туралы мақалалар» байқауында I орын, «Өткелдер» қашықтығында I орын, «Шағын кросс-жорық» қашықтығында I орын, «Туристік тұрмыс және дағды» байқауы бойынша I орын, «Жорық есебі» байқауында III орын, «Туризм туралы бейнефильм» байқауында II орын, «Топотүсірілім» қашықтығында III орын, «Спорттық лабиринт» сайысында ерлер арасында Менлан Қанаев және Сейфолла Сикенов III орынды иемденсе, ал қыздар арасында Лунара Сабырғалиева III орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және сыйлықтармен марапатталды.

С.Сайынұлы

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале