16.09.2016, 10:31
Оқылды: 42

«Еуропа-Азия 2016» туристік фестивалі өтті

%d0%b5%d1%83%d1%80%d0%be%d0%bf%d0%b0-%d0%b0%d0%b7%d0%b8%d1%8f-2016-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%96%d0%ba-%d1%84%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b8%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d1%96-%d3%a9%d1%82   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және дүниежүзілік туризм күніне орай білім қызметкерлері арасында 9-10 қыркүйек аралығында аудандық «Еуропа-Азия – 2016» туристік фестивалі оздырылды. Алғашқы құттықтау сөз аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Әйгерім Құбаеваға беріліп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Одан әрмен жарыс бағдарламасымен аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының туризм бойынша әдіскері Асқар Есекеев таныстырды.


  Жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, саламатты өмір салтын сақтау, туристік-өлкетану жұмысының деңгейін арттыру, спорттық шеберлікті жетілдіру мақсатын көздеген фестиваль барысында білім саласының өкілдері тәжірибе алмасып, барлығы тоғыз команда сайысқа түсті.

         Жарыстың әр кезеңі де тартысты өтіп, қызықты сәттерге толы болды. Командалардың өте жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендері байқалды. Қатысушылар жарысқа ынтасын көрсетіп, соңына дейін топ беделін қорғады. Фестивальдің қорытындысы төмендегідей:

         «Туристік кедергілер жолағынан өту» және «Өткелдер қашықтығы»  байқауы бойынша  №1ЖББОМ  I орын, Т.Жароков атындағы ЖББОМ  II орын, Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ  III орынды,  «Команданың үздік көрсетілімі» байқауы бойынша Ұзынкөл ЖББОМ  I орын, Т.Жароков атындағы ЖББОМ  II орын, А.Оразбаева атындағы ЖББНМ  және №1ЖББОМ  III орындарды жеңіп алды. Сайыстың келесі кезеңі «Туристік тұрмыс және дағды» байқауы бойынша Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ I орын, Ғ.Сарыбаев атындағы ЖББОМ  II орын, Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ III орынды иемденді.

         «Спорттық бағдарлау»  қашықтығында ерлер арасында Елдос Әліпқалиев I орын, Сейфолла  Сикенов II орын, Нұргелді Шампиев III орын, қыздар арасында Әсемгүл Есқуатова I орын, Айымгүл Құсайынова II орын, Индира Қыдырболатқызы III  орынға ие болды. «Лабиринт» қашықтығында ерлер арасында Сейфолла Сикенов I орын, Арман Әмірханов II орын, Меңдібек Үркенов  III орын, қыздар арасында Индира Қыдырболатқызы I  орын, Лунара Сабырғалиева мен Гаухар Каюпова II орын, Айымгүл Құсайынова ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

         Жалпыкомандалық есепте жүлделі 1-орынға Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ командасы табан тіреді. Ал, 2 және 3-орындарды сәйкесінше, №1 ЖББОМ мен Т.Жароков атындағы ЖББОМ командалары өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медаль және сыйлықтармен марапатталды.

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале