6.06.2016, 12:44
Оқылды: 18

Ешкім ескерусіз қалмайды

zelenov eskerusiz kalmaidy    Пробациялық бақылау шартты түрде сотталған адамдардың денсаулық жағдайын, білім деңгейін, жұмыспен қамтылуын, денсаулық жағдайын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтап, олардың жеке басын зерделеуді жүргізеді. Сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмек көлемін айқындауға қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды.


  Сот жүктеген міндеттерді орындау, олардың орындалмауы және бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын да түсіндіреді. Бұдан бөлек істі жандардың білім алуы мен жұмысқа орналасуын, емделіп, әлеуметтік-құқықтық көмек алуларын да қадағалайды. Сотталғандар пробация қызметінің алдында өзінің мінез-құлықтары туралы есеп беріп, сот жүктеген міндеттерді орындауға және пробация қызметі мамандарының шақыртуы бойынша айына екі рет келіп тұруға міндетті.

   Істі жандар сот міндеттеген шарттарды бұзған жағдайда пробация қызметінің мамандары оларға іздеу жариялап, тұратын жері мен жалтару себептерін анықтау жұмыстарын жүргізеді. Пробациялық бақылу мерзімі аяқталған соң сала мамандары бақылауда тұрған адамды өзінің есебінен шығарады.

    Бүгінгі таңда Зеленов ауданының №1 пробация қызметінің мамандары ауданда тіркелген сотталушылармен біраз жұмыс жүргізіп келеді. Күні бүгінге дейін сала мамандары мен аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы мамандық алуға жолдаған. Сондай-ақ барлық тіркеуде тұрған істі жандарға тегін медициналық және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Бұл жұмыс әлі де жалғаса бермек.

www.zhaikpress.kz

Зеленов ауданы

Б. Есқалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале