28.03.2016, 10:08
Оқылды: 42

Ешмұратов - ең жас депутат

????????????????????????????????????

 Ағымдағы жылдың 20 наурыз айында өткен сайлауда Переметный сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына 3 үміткер түскен болатын.

Сайып келгенде, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Досжановтың хабарлауынша Нұржан Ешмұратов атаулы окург бойынша аудандық мәслихат депутаты болып сайланды.

Айта кетейік,  ұзын саны 14 аудандық мәслихат депутаты сайланса, соның ішіндегі ең жас депутаты осы Нұржан Ешмұратов екен.

Өзелерден өн бойы озық болып, 1224 дауыс жинаған жас депутат 1991 жылы дүниеге келген. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы.


- Аудандық мәслихат депутаттығына тұңғыш рет түсіп отырмын. Халықтың жағдайын ойлау баршаның парызы. Ұлы ақын Мағжан бабамыз «Мен жастарға сенемін!» деді емес пе?! Олай болса,сенімді ақтау басты міндет. Сондай-ақ, дауыс беру барысында көпшілік менің сайлауалды бағдарламаммен танысып, нәтижесінде өз таңдауларын жасап, маған дауыс бергендері үшін  рахметімді жаудырамын. Әркез білек сыбана іске кірісуге әзірмін,-дейді Нұржан  Сайлаубекұлы.

«Жастарыңды көрсет, еліннің болашағын айтайын» деген екен данагөй халқымыз. «Елім» деп еміреніп тұрған Нұржандай депутатымыз бар да, ауылымыздың өркендеуі хақ.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале