20.05.2016, 18:33
Оқылды: 35

«Еш нәрсе ешқашан ұмыт болмайды»

Akjayik muzei    Ұлы Отан соғысының 71 жылдық мерей тойы қарсаңында Ақжайық ауданы Тайпақ полиция бөлімінде тұңғыш рет музей ашылды. Музейде 1968 жылдан бастап Тайпақ аудандық ішкі істер бөлімінде абыройлы қызмет жасап, басшылық қызмет атқарған Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органының ардагері милиция полковнигі Қуаншалиев Ғабделқайыр Зейінұлы және осы уақыт аралығында Тайпақ полиция бөлімінде жұмыс жасаған, басшылық қызметте болған зейнеткер ағаларымыздың өмір баяндары, нысанды киімдері, марапаттары қолданылған заттары қойылған.


    Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөліп, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, тарихи сананың қалыптасуына ықпал ету мақсатымен Тайпақ полиция бөлімінде тұңғыш рет музейдің ашылуына себепкер білікті басшы Тайпақ полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі  Дегенбаев Ренат Маратұлы музейдің ашылу салтанатында алғашқы құттықтау сөзін сөйлеп Тайпақ полиция бөлімінің тарихына тоқталып өтті.

   Ренат Маратұлы сөйлеген сөзінде Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер органының ардагері полиция полковнигі Қуаншалиев Ғабделқайыр Зейінұлы 1965-1979 жылдар аралығында Тайпақ аудандық Ішкі істер бөлімінде басшылық қызмет атқарған. Сол кезеңде 1966 жылы Ғабделқайыр Зейінұлы аталған ғимараттың қарауындағы қызметкерлердің күшімен ірге тасын қалап бастап, 1968 жылы ғимараттың жарын тұрғызып жабдықтап ғимарат Орал облысы атқару комитетінің Ішкі істер басқармасының бастығы милиция полковнигі Гапонов Захар Платоновичтің қатысуымен салтанатты түрде ашылып пайдалануға берілген.

    Сол уақыттан бері Тайпақ полиция бөлімі мекемесі жұмыс жасап келетіндігін айты.

    Музейдің ашылу салтанатына арнайы келіп қатысқан құрметті қонақтар Тайпақ ауылының әкімі Қыдырғожин Боранбай Шайхыұлы Ақжайық ауданының прокуроры Сабитов Нұрлыбек Мукашұлы және Тайпақ полиция бөлімінде қызмет еткен зейнеткер ағаларымыз құттықтау сөз сөйлеп Тайпақ полиция бөлімінде ашылып отырған музейге өз ризашылықтарын айтты. Ақжайық аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Серіков Абылайхан Серікұлы Тайпақ полиция бөлімі қызметкерлерін мереке қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменттінің бастығы полиция полковнигі Абисатов Махамбет Хайыржанұлының грамотасымен марапаттады.Сонымен қатар осы мерекелік шараға орай Тайпақ полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Ақжайық аудандық Ішкі істер органының қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен мадақтамалармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Ақжайық ауданы

Бисенғалиев Ердәулет

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале