9.12.2015, 12:57
Оқылды: 37

Еш құжатсыз алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 148 650 теңге айыппұл салынды

Akjayik kyjatsiz   Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Тайпақ ауылында орналасқан жеке кәсіпкер Б.-ның дүкенін тексеру барысында алкоголь өнімдерінің ілеспе жүкқұжатсыз айналымда болғанын анықтап, жеке кәсіпкердің «Этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының бұзылуына жол беріп, ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлімінің 7-тармағында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық әрекетті жасағаны үшін хаттама толтырды.


 

Сот мәжілісінде Б. өзінің жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқанына 11 жыл болғанын, алкоголь өнімдерін сатып алған уақытта ілеспе жүкқұжат міндетті түрде болуы керек екенін білетінін, салық маманы тексерген уақытта 40 шөлмектің ілеспе жүкқұжаты болмағанын мойындады.

1999 жылғы 16 шілдедегі аталған заңның 12-1-бабында – этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде рәсімделеді, ал аталған заңның 9-бабының 5-бөлімінде – ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады деп көрсетілген.

«Жеке кәсіпкер Б.-ға ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған бабы бойынша құқықбұзушылық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 148 650 теңге айыппұл салынып, сақтауда қалдырылған 40 дана алкоголь өнімдері мемлекет меншігіне тәркіленді»,-деп хабарлады «Жайық Пресс» ақпарат орталығына Ақжайық аудандық №2 сотының баспасөз қызметі.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале