30.05.2016, 18:21
Оқылды: 14

Еңбегі еленген Ерболат

 

erbolatЖуырда облыс орталығында БҚО Ішкі істер департаменті тәлімгерлері мен жас қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыс деңгейін төмендету мәселелерін талқылаған алғашқы облыстық слеті өткізілді.


 

Шара барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бүгінгі  жұмыс форматы, тұрғындармен жұмыс, қылмыстың алдын алу және қылмысты ашу бағытындағы үздік тәжірибелер ортаға салынды. Жас қызметкердің жұмыс барысында әрдайым ескеретін шаралары, халықпен жұмыс жасау, қылмысты болдырмау немесе оның алдын алу әрекетінде тәлімгерлер тәжірибесі қажет-ақ. Осы тұрғыда аталмыш шара нақты көмек көрсету және тағлымдық қолдау болды.

Осы шарада ауданымыздың ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция тобының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ерболат Төлеуішов үздік жұмысы үшін мақтау грамотасымен марапатталды. Ауданымыздың тыныштығы мен тұрақтылығын қамдап, еселі еңбек етіп жүрген азаматтың бұл жетістігі жерлестерінің мерейін өсіруде.

www.zhaikpress.kz

Бекежан Елесбаев,

Шыңғырлау аудандық

жергілікті полиция бастығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале