7.10.2016, 16:35
Оқылды: 21

«Еңбексүйгіш адамға таңдай қағам...»

%d0%b5%d2%a3%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d1%81%d2%af%d0%b9%d0%b3%d1%96%d1%88-%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d2%93%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d2%a3%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d2%9b%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bcЖәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен аудандық мәдениет үйінде «Жалпыға Ортақ Еңбек  Қоғамын құру» тақырыбында форум оздырылды.


Форумды ашып, жұртшылыққа игі лебізін арнаған аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов Еңбек күні мерекесіне орай оздырылған «Еңбек жолы» республикалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша облыстық кезеңінің жеңімпазы, республикалық кезеңге жолдама алып, облыстық делегацияның құрамында қатысып қайтқан Молдағалиевтер отбасына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің алғыс хаты мен 50 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Сондай-ақ бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның бастауыш сынып мұғалімі Гүлнәр Хайырлиева, аудандық орталық аурухананың невропотолог дәрігері Қатима Шонаева, аудандық демалыс орталығының автоклуб меңгерушісі Шынтемір Рамазанов, «Бари» шаруа қожалығының жетекшісі Бекболат Әбекенов, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік  кәсіпорны БҚО филиалының Жәнібек пайдалану учаскесінің трактор жүргізушісі Өтеміс Бозов, тағы басқа бірқатар еңбеккерлерге алғыс хат табысталды.

Шара барысында марапатқа ие болған еңбек саңлақтары туралы бейнесюжет көрсетіліп, аудандық Мәдениет үйінің әншілері мен «Ақмаржан» халықтық би ансамблінің балғын бишілері өнер көрсетті.

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале