29.06.2016, 19:05
Оқылды: 34

Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Сейсенбі күні облыстық білім басқармасы мен Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің қызметкерлері қарапайым еңбек адамдарына арнап «Еңбек жолы» атты облыстық фесиваль өткізді.

Бұған қаладағы кәсіби –техникалық білім беретін колледж басшылары мен студенттер және түрлі салада жемісті жұмыс істеп  жүрген қарапайым еңбек адамдары қатысты.

Шараны ашқан «Қоғамдық келісім»  КММ эксперттік-аналитикалық бөлімінің меңгерушісі Әсия Жумина еңбек адамы және оның құндылығы жөнінде айтып, жастарды қазіргі заманға лайықты, сұранысқа ие кәсіби мамандықты таңдауға шақырды.

Бұдан соң еңбек фестивалі салтанатты түрде ашылып, ортаға еңбек ардагерлері – Тапаловтар әулеті, колледжде оқытушы болып істейтін Елена Куфаева, «Золушка» тігін ательесінің жетекшісі Ольга Ляшева мен оның жанұясы шақырылды. Қонақтар өздерінің өмірі мен еңбек жолын баяндап, тәжірибесімен бөлісті.

Аталмыш шараға технологиялық колледждің ІІ курс студенті Айым Бақытжанова, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің оқушысы Игорь Серебряков және Орал политехникалық колледжінің оқушысы Андрей Слук қатысты.

Шара соңында сахна төріне колледж директорлары Серік Мұхамбеталиев, Нәйла Ғалиева, Қанат Қырықбаев, Тілекқабыл Ахмедияров және Әли Масалимов шақырылды. Олар өз сөздерінде елімізге адал қызмет еткен еңбек ардагерлеріне алғыстарын айтып,  әулетінің кәсібін жалғастырғысы келген жастарды өзгелере үлгі етті. Сондай-ақ колледж жетекшілері қарапайым еңбек адамдарына үлкен құрмет көрсетіп, алғысхаттар мен сый-сияпаттарын табыс етті.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале