12.10.2015, 15:38
Оқылды: 27

Еңбек ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді

почта куни«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» пошта қызметкерлерінің төл мерекесіне орай жалпақталдық сала ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді.

Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінің басшысы Нұрхат Булаев, поштаның курьері Әділгерей Сагишев пошта саласында көп жыл еңбек еткен Серікқали Абулхатиннің, Любовь Гарыниннің, Валентина Метронинаның отбасыларында болды.

Сонымен қатар осы поштада ұзақ жыл жұмыс жасаған қариялар үйінің қамқоршысы Гүлжамал Керееваға арнайы барып, қал-жағдайын сұрап, барлық еңбек ардагерлеріне сый-сияпат жасап, пошта кәсіподағы атынан төл мерекелерімен құттықтады.

Қариялар да  зор алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале