4.08.2016, 17:05
Оқылды: 27

Еңбек ардагері 80 жаста

Ел үшін еңбек еткен ер          Еңбек Қызыл Ту Орденінің иегері, аты аңызға айналған   Д.А.Қонавпен, Н.И.Есқалиев, Қ.И.Ешмақовпен  талай  мәрте  кездесіп, сонау  кеңестік  дәуірі  кезінде Теректі, Тасқала   аудандарының  экономикалық  және әлеуметтік, ауыл  шаруашылығының  дамуына    өз  үлесін  қосқан, еңбек, тыл  ардагері, Зеленов ауданының азаматы  Анатолий  Зотович  Белинскийдің 80 жасқа толу мерейтойы  Дарьинск   Мәдениет  үйінің   кіші  залында   атап  өтілді.


Мерейтой иесінің қуанышына Зеленов ауданы әкімі К. Жақыпов, мәслихат хатшысы Р.Исмагулов, облыстық «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары  Г. Құлжанова, облыстық  мәслихат  депутаты  И. Енютин, облыстық ардагерлер  кеңесінің    төрағасы  М. Мұхамбетов   арнайы  қатысты.

Салтанатты  жиын  мерейтой  иесі  А.Белинскийдің    өмірбаяны  мен  еңбек  жолы  туралы  бейнетаспаны тамашалаумен  ашылды. Бейнебаяннан кейін  сөз  алған  аудан  әкімі  К.К.Жақыпов Анатолий   Белинскийдің   ел  дамуына   атсалысқан   үлесін    баса  айта  отырып, ыстық  лебізін білдіріп, туған   иесінің  иығына  шапан   жауып, алғыс  хат  табыс  етті.

Осындай  ақ  тілектерін  жолдаған   аудандық  мәслихат  хатшысы  Р.Исмагулов, облыстық  «Нұр  Отан»  партиясы төрағасының  орынбасары  Г.Құлжанова, облыстық  мәслихат  депутаты И.Енютин, облыстық   Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші  орынбасары  Ғ.Қапақов, облыстық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  М.Мұхамбетов, аудандық  ардагерлер  кеесінің  төрағасы  Ғ. Меңдалиев, Көшім  ауылдық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  М. Жұбандықов, «Арна»   әйелдер    кеңесінің   төрайымы  О.Смак, Дариян  ауылдық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы   Х.Иргалиев  және  үзеңгілес  достары    шынайы  лебіздерін  білдіріп, естелік сыйлықтар  табыстады.

Жиын соңында кітапханашы Л.Саманюк бейнебаянның үнтаспасын, облыстық мәслихат депутаты И.Енютин облыстық орыс мәдени орталығы  атынан теледидар сыйлады.Ел үшін еңбек еткен ер1

Лайықты  жанға  марапатпен  бірге  Мәдениет  үйінің   қызметкерлері  Н.Тасболатов «Мои  года», М.  Искалиев  «Синяя  вечность», В. Саманюк  «Надежда», А. Огородников «Давай  попробуем  вернуть»   әндерінен  шашу  шашып,  жиынға  қатысушыларға  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлады.

Тамаша кеш сыйлаған жерлестерінің құрметіне разы болған  А.Белинский өзін құттықтай келген жандарға шынайы  ризашылығын  білдіріп, еліміз  аман,  жұртымыз  тыныш  болсын!- деген  ілтипатын  жеткізді.

Гүлжан Аязбаева
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале