11.08.2015, 19:29
Оқылды: 21

Еңбек жолы арқау болған жаңа кітап

DSC_0685Зеленов ауданы орталығында еңбек ардагері Майдан Жұбандықовтың «О людях хороших» атты кітабының ресми түрде тұсаукесері өтті. Ауданымыздың құрметті азаматы, еңбек ардагері Майдан Зайнуллаұлы 17 жыл шарушылық және 25 жыл саяси қызмет атқара жүріп, аудан мен облыс көлеміндегі қоғамдық шараларда белсенділік танытқан.

- Зеленов ауданында 40 жылдай еңбек еттім. Осы уақыт ішінде  ауданның талай адамдарымен үнемі тығыз байланыста болып, бірге қызмет атқарғаныма тағдырыма ризамын. Басқалар секілді менің өмірімде де асқақтап барып құлаған кездерде болды, бірақ тағдырымның мұндай талқысына еш өкпем жоқ, бұл маған сабақ болды. Ал кітаптағы естеліктерім қызметтес болған әріптестерім туралы. ҰОС мен еңбек ардагерлері, совхоз директорлары және басқа да ауданымыздың дамуына зор үлесін қосқан тұлғаларымыз жайлы сөз еттім, - дейді автор.

Автордың замандастары мен әріптестері келген кешке облыстық маслихат депутаты А.Әйтімов, ресейлік «Космос» газетінің тілшісі В.Полетаева, аудан әкімінің орынбасары А.Тугузбаев арнайы қатысты.

Кітаптың таныстырылымында сөз сөйлеген Ақсерік Сарыұлы кезінде өзіне тәлімгер болып, үлкен өмірге аяқ басуға себепші болған ардагерді құттықтап, кітаптың маңыздылығына тоқталса, ресейлік қонақ Валентина Владимировна кітаптың тұнып тұрған тарих пен оралмас естелік екенін жеткізіп, шын жүректен лебізін білдіріп, болашақта  кітаптың жалғасы шықса деген тілегін білдірді.

Жиын соңында Майдан Зайнуллаұлы қуанышыменн бөлісіп келген меймандарға алғысын айтып, ризашылық танытты.

Шара әрі қарай КАЗИИТУ оқу-кешені өнерпаздарының шағын концертіне ұласып, жайдарман құрамасы көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале