9.08.2016, 19:17
Оқылды: 37

Еңбек инспекциясында - жаңа басшы

айтуевБатыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшылығына жаңа басшы келді. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов Азамат Айтуевті аталмыш мекеме ұжымына жаңа басшы ретінде  таныстырды.


Азамат Жұмабайұлы Айтуев 1981 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 2002 жылы Қазақ Мемлекеттік заң университетін, 2008 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Азамат Жұмабайұлы еңбек жолын облыстық прокуратура органдарынан бастаған. Ол 2002-2008 жылдары Бөрлі аудандық прокуратурасында прокурор көмекшісі, Орал қалалық прокуратурасында аға көмекші және облыстық прокуратурада басқарманың аға прокуроры қызметін атқарған. 2008-2009 жылдары «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де  сектор меңгерушісі, 2009-2012 жылдары Орал қаласы әкімдігінің аппарат жетекшісі болып жұмыс істеді. Бұдан соң 2015 жылдың шілдесіне дейін облыс әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне жетекшілік етті. Өткен жылдың жаз айынан күні бүгінге дейін Жастар саясаты мәселесі жөніндегі облыстық басқарма басшысы қызметін атқарды.

Осыдан кейін Арман Өтеғұлов басқарма ұжымына облыс әкімі Алтай Көлгіновтің Азамат Айтуевті Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы қызметіне тағайындағаны жөніндегі өкімімен таныстырды. Облыс әкімдігі өкілінің пікірінше, Азамат Жұмабайұлы аталған қызметке әбден лайықты, өйткені, ол мемлекеттік қызметте, соның ішінде прокуратура саласында ұзақ жыл қызмет істеген, мол тәжірибе жинақтаған маман.

Жиын соңында Арман Өтеғұлов Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма ұжымы мен оның жаңа басшысына жемісті жұмыс тіледі.

Айша ӨТЕБӘЛІ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале