28.09.2015, 19:56
Оқылды: 29

Еңбек майталмандарына тағзым

Akjayik enbek maitalmandarina tagzim    Ақжайық ауданында Еңбек күніне орай ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Аудан орталығы – Чапаевта орталық алаңдардың бірінде «Бақыт кілті – еңбекте» атты мерекелік концерт барысында 18 ауылдық округтегі еңбек озаттарының атына жылы лебіз, ән-күйден шашу арналды. Айталық, «Альбина-К» шаруа қожалығыгың жетекшісі Қалыбай Иманғазы, «Қамал» шаруа қожалығының тракторшысы Бейбіт Сипаталов, «Жайықтехсервис» кәсіпорны су жүйесінің бақылаушысы Ұштап Ешмұқанова, дүкен қызметкері Айжарық Ниетқалиев және көптеген басқа еңбеккер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мекеме, ұйымдар жетекшілерінен де өнегелі еңбеккерлерге естелік сыйлықтар тапсырылды. Жиналған қалың көпшілікті Ақжайық агротехколледж студенттері құттықтады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале