3.06.2016, 17:33
Оқылды: 29

ҰБТ-ның бірінші күні БҚО бойынша ең жоғары балл - 122

ENT   Биыл облыс бойынша мектеп бітірген 4514 түлектің 3416-сы Ұлттық біріңғай тестілеуден өтуге ниет білдіруде. Бүгін екінші күні.

    Орал қаласында ҰБТ сынағы М. Өтемісов атындағы БҚМУ және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жоғары білім базасында өтуде. Осы жылы кешегі күнді қоса есептегенде 192 түлек «Алтын белгі» білім сапасына үміткер болып отыр.


   – 2 маусымда облысымыз бойынша 1305 мектеп түлегі Ұлттық біріңғай тестілеуден өтті. «Алтын белгіге» 71 үміткердің 50,7 пайызы, «Ерекше аттестатқа» 27 үміткердің 40,7 пайызы білімін ақтады. Қатысушылардың 21,3 пайызы жүз баллдан жоғары балл жинады. Тоғыз пайызы шекті деңгейге жете алмағандарды құрайды,-деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Светлана Темірғалиева.

   Кеше білімін сынағандар арасында ең жоғары 122 баллды Шыңғырлау ЖОББМ түлегі Айнұр Есенова және №7 мектеп түлегі Диана Біләлова  жинады.

    Ең төменгі балл жинаған түлек әзірге белгісіз.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале